Футзал: "Қайрат" – финалда

Футзалдан Алматының «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасының финалдық сатысына шықты.

Алматы, NEGE. Бүгін қазақстандық клуб өз алаңында «Юнайтед Галац» клубын қабылдады. Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан басым ойнады.

Бірінші кезеңде алматылық команда сапынан Ранжел 4, Савио 12-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде де сол қарқынынан қайтқан жоқ. Алдымен Фернандиньо 23, Эдсон 29-минуттарда есепті үстелемей түсті. Ал Шыңғыс Есенаманов 34-минутта дәлдік танытса, оған «Юнайтед Галац» сапынан Андрей Крачон бір голмен жауап қайырды.

Кездесу нүктесін 39-минутта қазақстандық футболшы Біржан Оразов қойды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп, финалдық сатыға жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?