Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтпеуі мүмкін

Ұлыбританияның Мәдениет, БАҚ және спорт министрі Оливер Дауден Лондондағы 2021 жылғы Еуропа чемпионаты өтпей қалуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «Мен турнир өтеді деп үміттенемін. Бірақ вирусқа қатысты жағдайды және ол болжауға келмейтінін ескере отырып, ештеңеге кепілдік беру қиын. Егер денсаулыққа қауіп төнсе, жанкүйерлер турнир өтуіне қарсы болуы мүмкін. Алдағы қыста біз тағы да аурумен бетпе-бет келеміз.

Әрине, мен шешім қабылдаған кезде ең алдымен адамдардың денсаулығын басшылыққа аламын», – деді Дауден. Еске сала кетелік, Лондонда топтық кезеңнің үш матчы, турнирдің 1/8 финалы, жартылай финал және финал өтуі керек еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?