Футболдан Ұлттар лигасында Испания қатарынан екінші мәрте тең түсті

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың алғашқы ойын күні өтті.

Алматы, NEGE. Бұл күнгі басты кездесу А лигасы екінші тобындағы Чехия мен Испания арасында өтті. Кездесу барысында чехиялық Якуб Пешек 4-минутта есеп ашса, оған испаниялық Гави 45-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал Ян Кухта 66-минутта қайтадан Чехияны алға шығарса, Иньиго Мартинес 90-минутта таразы басын теңестірді. Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Испания екі ойын қатарынан тең ойнап, небәрі екі ұпай жинады.

Аталған топтағы Португалия Швейцарияны 4:0 есебімен сүріндірді. Бұл күнгі қалған ойындар нәтижесі төмендегіше:

В лигасы 4 топ

Сербия - Словения 4:1 Швеция - Норвегия 1:2

С лигасы 2 топ

Кипр-Солтүстік Ирландия 0:2 Косово-Грекия 0:1

С лигасы 4 топ

Гибралтар - Солтүстік Македония 0:2 Болгария - Грузия 2:5 D лигасы 2 топ Сан-Марино - Мальта 0:2 6 маусымда екінші турдың екінші ойын күні өткізіледі. Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі.