Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Испания көш басына шықты

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры басталды.

Алматы, NEGE. Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы екінші тобындағы Испания мен Чехия, Швейцария мен Португалия құрамалары арасында өтті. Ойын барысында Испания Чехияны 2:0, Швейцария Португалияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша Испания өз тобында көшбасшылықты арттыра түссе, қалған үшеуі әзірге екінші орыннан үміткер болып отыр. Аталған турдағы өзге ойындар нәтижесі төмендегіше: В лигасы, 4 топ: Норвегия - Швеция 3:2 Словения - Сербия 2:2 С лигасы, 2 топ: Солтүстік Ирландия - Кипр 2:2 Грекия - Косово 2:0 С лигасы, 4 топ: Солтүстік Македония - Гибралтар 4:0 Грузия - Болгария 0:0 D лигасы, 2 топ: Мальта - Сан-Марино 1:0 Еске салсақ, бүгін аталған турнирде Қазақстан-Словакия кездесуі өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды