13 марта 2020 г. 16:47

Футболдан Премьер-лига матчтары мен Қазақстан Кубогі көрерменсіз өтеді

Фото:
Футболдан Премьер-лига матчтары мен Қазақстан Кубогі коронавирус салдарынан көрерменсіз өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ Қазақстанның футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне

cілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Премьер-лига командалары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындары күнтізбеге сәйкес өтеді. Алайда, жанкүйерлер үшін стадиондардың есігі жабық болады», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты футбол, футзал, әйелдер футболы, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық футбол, ардагерлер арасында жарыстарды, сонымен қатар, білім беру семинарлары мен әртүрлі форумдарды өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын хабарлайды.

«OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындарына жарысқа қатысушылармен қатар, ресми тұлғалар мен стадион қызметкерлері қатысады. Ойындарға БАҚ өкілдері де қатыспайды. Тек көрсетілім жұмыстарымен айналысатын арнайы топ жұмыс істейді. Профилактикалық шараны тоқтату жөнінде қосымша хабарланады», - делінген хабарда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 127 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,6 мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.

13 наурыздан бастап бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды (мерекелік, спорттық, көрермендері бар бұқаралық мәдени шаралар, конференция, семинарлар, көрмелер және т.б.), сонымен қатар сауда-ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылды, мектеп оқушылары көктемгі демалысқа 16 наурыздан 5 сәуір аралығында шығатын болды, сонымен қатар 16 наурыздан бастап студенттер онлайн-режимде оқытылатын болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кіріскенін мәлімдеді. Ол шектеулер кезінде азаматтарды азық-түлікпен үздіксіз қамтуды тапсырды. Ал Үкімет Қазақстанның өзін әлеуметтік маңызды азық-түлікпен жарты жылға жететіндей етіп қамтамасыз ете алатынын жеткізді.

Бұған қарамастан, қазақстандықтар супермаркеттерден керектерін жаппай сатып алып жатқан көрінеді. 12 наурыз күні кешкісін сауда және интеграция министрлігі қазақстандықтарды дүрлікпеуге шақырды.

 

Тегтер: