Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Футболдан Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Бұл кездесудегі жалғыз гол 42-минутта соғылды. Голдың авторы - Юссен Эне-Нессери. Осылайша, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездесетін болды. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді. 

Бұл ойыннан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш мәлемдеме жасап - "Ертең Лиссабонға барамын. Сол кезде президентпен кездесіп, жұмысымды сөйлесемін", - деді. 

Ал италиялық инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, Сантуш жуырда қызметінен қуылады.