Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ-2023: Мысырлық команда сенсация жасап, жартылай финалға шықты

Мысырлық "әл-Ахли" Джидда қаласында өтіп жатқан футбол клубтары Әлем чемпионатының ширек финалында Сауд Арабиясының "әл-Иттихад" командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Мысырлық команда клубтар чемпионаты тарихында жартылай финалға бірінші рет жолдама алып отыр. 

Шиеленісті матчта футболшылар Әли Маалул, Хусейн әл-Шахат және Имам Ашур гол соқты. "Әл-Иттихад" сапында Карим Бензема ерекшеленді.  

90-минутта "Әл-Ахли" шабуылшысы Антони Модест қызыл карточка алып қалды. 

Жартылай финалда "Әл-Ахли" Бразилияның "Флуминенсесімен" ойнайтын болады.

Айта кетсек, Сауд Арабиясында футболдан 2023 жылғы клубтық Әлем чемпионаты басталды. Турнирді ашушы матчта Карим Бензема бастаған "Әл-Иттихад" командасы Жаңа Зеландияның "Оклендін" 3-0 есебімен жеңген еді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды