Футболдан ҚЧ уақытша тоқтатылды

Футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

Алматы, NEGE. «Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.

Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді