Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды.

Алматы, NEGE. Егер Қазақстан С дивизионында қалса, 3-топта Словакия, Беларусь және Әзірбайжанмен кездесу өткізеді. Егер D дивизионында қалса, 1-топта Лихтенштейн, Андорра және Латвияға қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасы 2022 жылы 24, 29 наурызда Молдоваға қарсы өтпелі ойын өткізеді. Жеңімпаз С дивизионындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген топ төмен дәрежеде ойнайды.

Ұлттар лигасы 2022 жылдың маусымында басталады.