Футболдан Қазақстан құрамасы жағымсыз жаңалық айтты

Футболдан Қазақстан құрамасы БАӘ-мен жолдастық кездесуде бір ойыншының қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. ҚФФ мәліметінше, Рамазан Оразов Абу-Дабиде ойнай алмайды.

Өзбестанмен матч (0:2) кезінде ол көзін жарақаттап алып, ойынды жалғастыра алмаған. Енді ол алдағы кездесуге де қатыса алмайды. 

Командалар 19 қарашада ойнайды, матчтың басталуы 22:00.