Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Футболдан Қазақстан кубогы үшінші кезеңінің жеребесі тартылды.

Алматы, NEGE. Жарыстың үшінші сатысына «Қайсар» (Қызылорда), «Яссы» (Түркістан облысы), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) командалары шыққан болатын. Жеребе нәтижесінде командалар төмендегіше жұп құрады: «Қайсар» мен «Яссы» «Жетісу» мен «Жеңіс» Үшінші кезеңде жеңімпаз болған екі команда Қазақстан Кубогының топтық кезеңіне жолдама алады. Топтық кезеңге Премьер-лигада сынға түсетін клубтар қосылады. Үшінші кезеңнің ойындары 4 мамырда бірінші көрсетілген командалар алаңында өткізіледі. Жеңімпаз бір ойын нәтижесі бойынша анықталады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды