Футболдан Еуропа лигасы: Ширек финалға шыққан командалар анықталды

Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалына шыққан командалар анықталды.

Алматы, NEGE. 17 наурызда 1/8 финалдағы қарымта ойындар өткізілді. 1/8 финалдағы ойын нәтижелері төмендегіше: «Монако» (Франция) - «Брага» 1:1 (бірінші ойын 0:2) «Црвена Звезда» (Сербия) - «Глазго Рейнджерс» 2:1 (бірінші ойын 0:3) «Байер» (Германия) - «Аталанта» 0:1 (бірінші ойын 2:3) «Вест Хэм Юнайтед» - «Севилья» (Испания) 2:0 (бірінші ойын 0:1) «Лион» - «Порту» (Португалия) 1:1 ( бірінші ойын 1:0) «Айнтрахт» - «Реал Бетис» (Испания) 1:1 (бірінші ойын 2:1) «Галатасарай» (Түркия) - «Барселона» (Испания) 1:2 ( бірінші ойын 0:0) «Спартак» (Ресей) - «Лейпциг» (Германия) ойыны өткізілген жоқ. Германиялық команда бірден ширек финалға шықты. Ширек финал ойындары 7 және 14 наурыз күндері өткізіледі. Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласында болады. Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан командалар анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды