Футболдан Еуропа лигасы: 1/8 финал басталды

Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалы алғашқы ойындары өткізілді.

Алматы, NEGE. Жарыстың аталған сатысында сынға түсіп жатқан Испанияның «Барселона» жанкүйерлерді сүреңсіз ойынымен таңғалдырды.

Испаниялық клуб өз алаңында Түркияның «Галатасарай» командасымен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

1/8 финалдағы өзге ойындар нәтижесі төмендегіше:

«Аталанта» (Италия) – «Байер» (Германия) 3:2

«Барселона» (Испания) – «Галатасарай» (Түркия) 0:0

«Рейнджерс» (Шотландия) – «Црвена Звезда» 3:0

«Порту» (Португалия) – «Лион» (Франция) 0:1

«Бетис» (Испания) – «Айнтрахт» (Германия) 1:2

«Севилья» (Испания) – «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) 1:0

«Брага» (Португалия) – «Монако» (Франция) 2:0

Жарыстың аталған кезеңінде Германияның «РБ Лейпциг» командасы Ресейдің «Спартак» клубымен кездесуі тиіс болатын. FIFA және UEFA шешімімен Ресей құрамасы мен барлық командасы барлық турнирден шеттетілді. Сондықтан германиялық клуб 1/4 финалға бірден жолдама алды. Енді олар 17 наурызда қарымта ойындарды өткізеді.

Финал 22 мамырда Испанияның «Рамон Санчес Писхуан» стадионында болады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды