Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды

УЕФА футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды.

Алматы, NEGE.  Турнирдің үздік ойыншысы деп Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма танылды. 

Биылғы Еуро чемпионатында ол алаңда 719 минут ойнап, барлық ойыншыдан көп алаңда уақыт өткізген. 

Италия өткізген жеті матчтың үшеуінде қақпасын құрғақ ұстаған. Ал жалпы қақпасына 4 гол жіберіп, 9 сэйв жасаған. 

Бұған дейінгі Еуропа чемпионаттарының үздік ойыншылары:
1996: Маттиас Заммер (Германия)
2000: Зинедин Зидан (Франция)
2004: Теодорос Загоракис (Греция)
2008: Хави Эрнандес (Испания)
2012: Андрес Иниеста (Испания)
2016: Антуан Гризманн (Франция)

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес