Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта ойындары басталады

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында қарымта ойындар басталады.

Алматы, NEGE. Ширек финалдың қарымта ойындары 12-13 сәуір күндеріне белгіленген. Ойындар елорда уақытымен 00.50-де өткізіледі. Алдымен 12 сәуірде Германияның «Бавария» және Испанияның «Вильярреал» командалары кездеседі. Алғашқы ойында испаниялық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті . Ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл күні Испанияның «Реал Мадрид» және Англияның «Челси» командалары шеберлік байқасады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. Бірінші кездесу 3:1 есебімен испаниялық команда басымдығымен аяқталды. Сондай-ақ, 13 cәуірде Испанияның «Атлетико Мадрид» және Англияның «Манчестер Юнайтед», Англияның «Ливерпуль» және Португалияның «Бенфика» командалары кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды