Футболдан ӘЧ: Қазақстан Финляндиямен ойнайды

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды.

  Алматы, NEGE. Мәскеудің ЦСКА-сы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға барады. Бірақ жергілікті командаға қарсы ойында алаңға шықпайды. Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшының визасын рәсімдеу ұзаққа созылған. Дегенмен Зайнутдинов ұлттық құрамамен бірге әрі қарай Боснияға аттанады. 

Еске салайық, бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндиямен ойнайды. Баспасөз мәслихатында бас бапкер Талғат Байсуфинов Украинаға қарсы алаңға шыққан құрамның 80 проценті өзгеретінін айтты. Тіпті, бүгін ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізетіндер де болуы мүмкін. Себебі бірнеше негізгі футболшы жарақат алған. Матч кешкі сағат 7-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады