Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Былтыр С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді Ұлттар лигасы плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды. 

Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпаймен Финляндиямен бірге үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті. 
Финалдық сатының жеребесі бүгін, 2 желтоқсан күні тартылады. Құрамалар төрт себетке бөлінген. 

1 себет: Германия, Португалия, Франция, Испания, Бельгия, Англия

2 себет: Венгрия, Дания, Албания, Австрия, Турция, Румыния

3 себет: Шотландия, Словения, Словакия, Чехия, Нидерланд, Хорватия

4 себет: Сербия, Италия, Швейцария және Ұлттар лигасынан үш жеңімпаз

Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек