Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады.

Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. 

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды