11 октября 2025 г. 12:15

Футболдан Қазақстан құрамасының Лихтенштейнді жеңгеннен кейін кестедегі орыны қалай өзгерді?

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі рет жеңіске жетті. Күні кеше Астанада Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда бельгиялықтардан (0:6), Уэльстен өз алаңымызда (0:1) және сыртта да (1:3) жеңіліп, Астанада Солтүстік Македониядан (0:1) ұтылды, тек Вадуцтағы матчта Лихтенштейнді (2:0) жеңді.

Алты ойыннан кейін алты ұпаймен ұлттық команда "J" тобында төртінші орынға тұрақтады. Топты алты ойында 12 ұпай жинаған Солтүстік Македония көш бастап тұр. Екінші қатарда Бельгия құрамасы: бес матчта 11 ұпай алған.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 13 қазанда Солтүстік Македония командасына қарсы өткізеді.