Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Бельгияға есе жіберді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде 6:0 есебімен ұтылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесу Брюссельдегі «Констант Ванденсток» стадионында өтті.

Бірінші таймда Бельгия сапынан Кевин Де Брюйне мен Жереми Доку Қазақстан қақпасына гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін Дастан Сәтпаев пен Ислам Чесноков алаңға шыққанымен, қазақстандықтар ойынды түбегейлі өзгерте алмады. Қалған төрт голды Бельгия футболшылары екінші таймда салды. 

Қорытынды есеп — 6:0, Бельгия жеңіске жетті.

Бельгия — Қазақстан 6:0 (2:0)
Голдар: Де Брюйне, 42 (1:0). Доку, 44 (2:0). Раскин, 52 (3:0). Доку, 60 (4:0). Де Брюйне, 84 (5:0). Менье, 87 (6:0).

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Лихтенштейнге қарсы өз алаңында өткізеді. Кездесу 10 қазанда Астанада өтеді деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды