Футбол: Жастар құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды.
Алматы, NEGE. Оқу-жаттығужиыны елордада өткізіледі. Оған барлығы 20 футболшы шақырылған. Жасөспірімдер құрамасы 14 және 16 ақпан күндері Ереванда 19 жасқа дейінгі Армения жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімі:
Қақпашылар:Данила Карпиков («Шахтер»), Әлішер Сүлейменов («Жеңіс»); Қорғаушылар: Дамирхан Жабаев («Шахтер»), Әмір Тілеубеков («Шахтер»), Данияр Орда («Ақтөбе»), Данил Блохин («Шахтер»), Даврон Закиров (№8 БЖОРСМ), Әлихан Өтешев («Жеңіс»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»); Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов («Ордабасы»), Мұқағали Пангерей («Атырау»), Бауыржан Рахмет («Тараз»), Вячеслав Раскатов («Ақсу»), Нұржан Ерланұлы (№8 БЖОРСМ), Айбек Райзо (№8 БЖОРСМ), Супьян Масудов («Жас Қыран»), Вадим Яковлев (клубсыз); Шабуылшылар: Абзал Қалау («Оңтүстік академиясы»), Олжас Әділ («Астана»), Диас Испанов («Астана»); Жастар құрамасында бас бапкер Вахид Масудовқа Иван Азовский мен Юрий Ишутин көмекшілік жасайды. Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 13 ақпанда жолдастық кездесу өткізеді.