Футбол: «Реал Мадрид» «Челсиді» жеңді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Испанияның «Реал Мадрид» командасы 6 сәуірде Англияда «Челсиден» басым түсті.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында испандық клубтан Карим Бензема хет-триктің авторы атанды. Ол 21, 24, 46-минуттарда мергендік танытты. Оған «Челси» сапынан Кай Хаверц 40-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Тағы бір кездесуде Испанияның «Вильярреал» клубы өз алаңында Германияның «Бавариясын» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды Арно Груневелд 8-минутта өзінің еншісіне жазды. Қарымта кездесу 12 сәуір күні өткізіледі. Жарыстың аталған сатысында 5 сәуірде Англияның «Ливерпуль» командасы Португалияда «Бенфиканы» 3:1, Англияның «Манчестер Сити» командасы Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен сүріндірді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды