Футбол ойнай алмаған бала өзіне қол жұмсады

Футбол ойнай алмағына үшін үнемі сыныптастарының келемеждеуіне ұшыраған жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.

Алматы, NEGE.  «Криминалистика тарихы бірнеше мәрте қылмыс жасаған қылмыскерлердің басым бөлігі қатарластарының кемсітушілігіне және отбасындағы нашар қарым-қатынасқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Мәселен еліміздегі мектептердің бірінің 12 жастағы оқушылары өз сыныптастарына футболды жақсы ойнай алмағаны алмағаны үшін үнемі психологиялық қысым көрсеткен», - деді ол.

Оның атап өтуінше, футбол командасы бірнеше ойында жеңілгеннен кейін оқушылар барлық кінәні сыныптастарының нашар ойынан аударып кінә таққан.

«Келемеждеуге ұшыраған бала өзіне қол салып қайтыс болды. Жалпы, балалар суицидінің 80 пайызында себебін анықтау мүмкін емес. Бірақ, үнемі, оның ішінде қатарластарынан да жәбір көрумен байланысты психологиялық соққының да ықтимал екендігін ешкім жоққа шығара алмайды», - деді Марат Қожаев.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті