Футбол: Қазақстан Бельгияға есе жіберді

21 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан үшінші ойынында Бельгиямен кездесті.

Алматы, NEGE. Еске салсақ, Қазақстан жастары I тобында сынға түсті. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия және Түркия құрамалары.

Бүгінгі кездесуде бельгиялық футболшылар қазақстандық құрама қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Оны Лоис Опенда 61, Йорбе Вертессен 84-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

I тобында 3 ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Бельгия көш бастап келеді. Әзірге ұпай еншілей алмаған Қазақстан бесінші орында тұр.

Енді жастарымыз елордада 12 қазанда өз алаңында Түркиямен жасыл алаңға шығады.