Футбол: Қазақстан Англияға есе жіберді

Футболдан Еуро-2027 іріктеу турнирі аясында Ұлттық құрама жастары Англия U-21 жастарына 0:2 есебімен есе жіберді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесу барысында англиялық футболшылар басымдық танытты. Ойынның 18-минутында олардың қатарынан Этан Нванери есеп ашса, 23-минутта Джоб Беллингем көздеген нысанасын мүлт жіберген жоқ.

Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды.

Олар 5 маусым күні Астанада Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық жастар 9 қазанда 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?