Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

4 сәуір күні Шымкентте «Ордабасы» – «Атырау» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, алайда екі команданың жанкүйерлері де төреші Санжар Исақовтың жұмысына наразылық білдірді.

«Ордабасы» ФК

Астана, NEGE. Көрермендер «Атырау» командасы соққан голдың есепке алынбағанын әділетсіз деп санады, сондай-ақ негізгі уақытқа қосылған 10 минут ішінде «Ордабасы» пайдасына пенальти белгіленгеніне де қарсылық білдірді.

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Премьер-лиганың 4-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне қатысты түсіндірме беріп, төрешілер мен VAR тарапынан жіберілген үш негізгі қателікті растады.

«82-минутта төреші мен көмекшісі бастапқыда голды дұрыс есептеген. Эпизодты қарағаннан кейін VAR-дың араласуы – қате. Эпизодты қайта қарағаннан кейін голды офсайд деп есептемеу – төрешінің қате шешімі», – делінген федерация түсіндірмесінде.

Ал 90 7-минутта төреші пенальтиді қателесіп тағайындаған.

«VAR араласпауы – қате. Төрешінің пенальти тағайындау қорытынды шешімі – қате», – дейді ҚФФ өкілдері.

Матчтың 90 13-минутында төреші абайсыз әрекет үшін сары қағаз берудің орнына ойыншыны алаңнан қуу жөнінде қате шешім қабылдаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 388 Hyundai Tucson көлігіне тегін бағдарламалық жаңарту жасалады

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

«Өзімді ешқашан кешірмеймін»: әл-Фарабидегі жол апаты бойынша алдын ала тыңдау өтті

Қазақстан мен Ресей тарабы АЭС құрылысы жөніндегі келісімге қол қойды