Фристайл-акробатикадан тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов жеңімпаз атанды

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Отандасымыз финалдық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, 104.52 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.

Екінші орынды қытайлық Юйхэн Ян (101.79) иеленсе, қола медаль тағы бір қытайлық спортшы – Чжичен Янге (94.82) бұйырды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады