Фристайл-акробатика: Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа Кубогында екі медаль жеңіп алды

Айролода (Швейцария) фристайл-акробатикадан Еуропа Кубогы аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов бұл жарыста екі медаль жеңіп алды.

Сайыстың бірінші күнінде Райымқұлов бірінші орынға бір қадам жетпей қалды. Ол екінші орынға ие болып, тек Максим Кузнецовқа (Украина) ғана жол берді.

Екінші күні қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды. Дінмұхаммед шешуші кезеңде 96,58 ұпай жинады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті