Фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы іріктеу скезеңі аяқталды

Бейжің Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулдан ерлер арасындағы іріктеу сынын аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Астана. NEGE. Бірінші іріктеу айналымында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа енген жоқ. Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алды. 

Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орында. Екі спортшымыз да 5 ақпан күні өтетін іріктеу кезеңінің екінші айналымында сынға түседі. 

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енген могулшылар финалға бірден жолдама алды. Канадалық Микаэль Кингсбери 81.15 ұпаймен көш бастап келеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр