Француз билігі Павел Дуровқа елден кетуге рұқсат берді

Telegram мессенжерінің негізін қалаушы Павел Дуров Франциядан кетті. Судья оған бірнеше аптаға елден кетуге рұқсат берді. Бұл жөнінде құпия дереккөзге сүйенген Agence France-Presse агенттігі хабарлады.

П.Дуровтың Instagram парақшасынан

Алматы, NEGE. APF мәліметінше, Дуров сенбі күні таңертең Франциядан шығып кеткен. Ол Дубайға барады деген ақпарат бар. Онда Telegram-ның бас кеңсесі бар. Дуров - Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы.

Францияда Дуров Telegram-дағы жазбалармен байланысты бірқатар қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген. Миллиардер қамалғаннан кейін Telegram ел үкіметтерінің хаттарына жылдамырақ жауап бере бастаған.

Telegram Дуровтың босатылуына қатысты түсініктеме бермеді. Мессенжер өкілдері кейінірек мәлімдеме жасайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді