8 октября 2022 г. 11:27
Францияның жанармай құю стансаларында ұзын-сонар кезек
Францияда жұмысшылар ереуілге шықты..
Алматы, NEGE. Францияда TotalEnergies қызметкерлерінің ереуілге шығуы салдарынан жанармай жеткізуде қиындықтар туындады. Көптеген стансаларда жанармай жоқ, деп хабарлайды Еuronews агенттігі. Әсіресе елдің солтүстігіндегі автокөлік жүргізушілері қатты зардап шекті.
Жұмыс істейтін жанармай құю стансаларын іздеген көліктерден ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Жергілікті биліктің мәліметінше Франциядағы жанармай құю бекеттерінің 15 пайызында ғана шектеулі мөлшерде жанармай бар.
Бірқатар басқармаларда басым мамандықтардың автокөлік иелеріне, атап айтқанда, дәрігерлерге арналған жанармай құю бекеттері құрылған.
Жоғары инфляцияға байланысты TotalEnergies қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр.