Францияның Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

Францияның Мәдениет министрлігінің басшысы Франк Ристердің коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.

Алматы. NEGE. Талдау нәтижелері инфекцияның бар екенін көрсеткен. Қазіргі таңда шенеунік Париждегі үйінде емделіп жатыр, денсаулығы қалыпты. 

Өткен аптада министр Ұлттық ассамблеядағы мәдениет комитетінің жұмысына қатысқан. Кейін коронавирус жиынға қатысқан бес депутатта және жиналыстың екі мүшесінде анықталғаны белгілі болды.

Қазір министрмен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

Ал оның соңғы күндері президент Эммануэль Макронмен кездескендігі туралы әзірге мәлімет жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады