Францияның футболшысы матч кезінде өзін нашар сезініп, қайтыс болды

Францияның «Ла Шатеньере» футбол клубының ойыншысы Алексис Лескайль матч барысында өзін нашар сезінгеннен кейін бейсенбі күні қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ouest France басылымының мәліметінше, жартылай қорғаушы сенбі, 5 қазанда Францияның бесінші лигасы аясында «Анже» қосалқы командасына қарсы матчында өзін нашар сезінген.

Лескэй 72-минутта есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, содан кейін Ла-Рош-сюр-Йон ауруханасына жеткізілді, онда оған аневризма деген диагноз қойылды. Содан кейін футболшы Нанттағы ауруханаға ауыстырылып, 6 қазанда оған ота жасалған. Алайда дәрігерлер 34 жастағы футболшыны аман алып қала алмады.

Қайғылы жағдайға байланысты «Ла Шатеньеренің» келесі кездесуі кейінге шегерілді.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды