Франциядағы шеру толастамай тұр

Францияда зейнет реформасына қатысты заң 2022 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Бұл заңды 5 желтоқсаннан бері болып жатқан наразылық шараларына қарамастан қабылданбақ.

Алматы, NEGE. AJ мәліметінше, шеру салдарынан бірнеше мектеп, темір жолдар және Эйфель мұнарасы жабылған.

11 желтоқсанда француз премьер-министрі Эдуард Филипп үш негізгі принциптен тұратын жаңа зейнет жүйесін таныстырды. Реформа 1975 жылға дейін туғандарға қатысты. Жаңа реформа әсер ететін тұлғалар – 2037 жылға дейін зейнетке шығатын азаматтар.

Сонымен қатар, олардың зейнетақысының 70 пайызы бұрынғы жүйе бойынша есептеледі екен. 2004 жылы туғандар сәйкесінше 2022 жылы 18-ге толады және олар толығымен жаңа зейнет жүйесі бойынша жұмыс істейді. 

Франция премьер-министрінің сөзінше, 62 жас яғни, ресми зейнетке шығу жасы өзгермейді. Алайда ол француз билігі жергілікті халықты ұзағырақ жұмыс істеуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады