Франциядағы шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

Франциядағы полицияның қызметіне қатысты жаңа заңға қарсы наразылық акциясы өтті.

Алматы, NEGE. Францияда полицияның қызметіне қатысты жаңа заңға қарсы 90-ға жуық наразылық акциясы өтті. Бірақ оның соңы көп ұзамай тәртіпсіздіктерге ұласты. Жалпы алдын ала жоспарланған бағыт бойынша наразылық білдірушілердің кортежі бірнеше жүз метр жүріп өткенде полиция мен белгісіз біреулер арасында қақтығыс басталып кетті. Сөйтіп кәсіподақтар, адам құқықтарын қорғау лигасы мен журналистер ұйымдастырған шерудің шырқы бұзылды. Екі автокөлік, бірнеше велосипед пен скутер өртенді. Дүкен сөрелері сынды. Қаскүнемдер тіпті банк бөлімшесіне басып кіріп, клиенттік құжаттамалардан от қойған. Осыған байланысты жергілікті тәртіп сақшылары топқа қарсы көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолданған.

Бұдан бөлек ондаған шеруші ұсталып, 20-ға жуығы қамауға алынған. Әзірге тәртіпсіздіктерден нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, одан 8 полицей жарақат алыпты.

 Ұлттық журналистер одағының мүшесі Эрве Юбери: "Неге бұлай болды деген сұрақ туады. Біздің мақсатымыз ешқандай зорлық-зомбылықсыз осы заңға наразылық білдіру еді. Бірақ осымен екінші мәрте біздің акциямыз жаппай тәртіпсіздікпен аяқталып отыр. Осының себебін түсіне алмай, дал болып отырмыз", - деді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын болған наразылық акциясы жаппай тәртіпсіздіктермен аяқталған еді. Осыдан кейін үкімет полиция қызметкерлеріне видео түсіруге тыйым салу туралы редакцияны қайта қарауға уәде берді. Бірақ белсенділер аталған заң жобасы азаматтар мен қоғамның бостандығына қол сұғады деп санайды. Сондықтан тұрғындарды қайтадан көшеге шығуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?