Францияда жанармай бекеттері жабылып жатыр

Францияда энергетикалық дағдарыс ушығып тұр. Бензин тапшылығынан елдегі жанармай құю бекеттері жабылып жатыр. Ал сұраныс күннен күнге артуда.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Мұнай-газ компанияларының қызметкерлері болса, еңбек жағдайы жақсарып, жалақы көтерілмесе, жұмысқа шығудан бас тартады. Total Energies компаниясының мамандары бір аптадан астам уақыт бойы наразылық акция ұйымдастыруда. 

Оливье Веран, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Францияның бірнеше мұнай өндіру зауыттарында наразылық акциялар ұйымдастырылды. Оның төртеуі Тотал Энерджис ((TotalEnergies)) компаниясына тиесілі.  Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жанармай құю бекеттерін қордағы бензинмен қамтамасыз етуге тырысамыз.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті