Францияда коронавирусты жұқтырғандар бойынша тәуліктік рекорд орнады

Соңғы 1 күнде вирус 208 мың адамнан анықталды.

Алматы, NEGE. Билік елде омикрон штамының тез таралып жатқанын айтады. Індеттің өршуіне байланысты билік халықты вакцина салдыруға шақырып жатыр. Қазірге дейін елде 5 миллион адам егілмеген. Тұрғындарды екпе алуға ынталандыру үшін қаңтардың 15-інен бастап қоғамдық орындарда вакцина паспорты талап етілмек.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

- Әр аймақтағы ауруханадағы ахуал әртүрлі. Бірақ статистикаға сүйенсек, 70 процент жағдайда интенсивті терапия бөліміне екпе салдырмаған азаматтар түсіп жатыр. Елде вирус тез таралуда. Сондықтан екпе салдырмаған азаматтарға ескерткім келеді. Егер дертке қарсы вакцина алып қорғанбасаңыз, бұл жолы вирусты жұқтыру қаупі өте жоғары.

Індеттің төртінші толқынын бастан кешіп жатқан Боливияда да вирусты жұқтыру бойынша тәуліктік рекорд орнады. Оңтүстікамерикалық мемлекетте бір күнде вирусты 5 мыңға жуық адам жұқтырып алған. Бұл осы елде биыл мамыр айынан бері тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Мұнда халықтың 70 проценті вакциналанған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр