Францияда әуе апатынан бес адам қаза тапты
Францияның Тур қаласының маңында жеңіл моторлы ұшақ пен ұшу аппараты соқтығысып, бес адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да болды. Соқтығысқан екі ұшақ та жеке үйдің қасына құлаған. Кіші ұшақтағы екі адам мен «Даймэнд Ди Эй 40» бортындағы үш адам түгел қаза тапты.