Францияда туристер мінген ұшақ құлады

Францияның орталық-солтүстігінде туристік ұшақ апатқа ұшырады. 

Ғаламтор

Алматы, NEGE. Апат салдарынан үш адам көз жұмды. 

BFMTV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Эр-э-Луар департаментінде болған. Cessna 172 үлгісіндегі туристік ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған. Абырой болғанда, үйлер бүлінбеген, тек бір тұрақта тұрған автокөлікке зақым келген.

Ұшақ бортында үш адам болған — барлығы қаза тапты.

Апатқа ұшыраған әуе көлігі жергілікті әуеклубқа тиесілі болған және оқу немесе экскурсиялық рейс орындауы мүмкін деген болжам бар.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін Францияның әуе көлігі жандармериясы (GTA) мен ұлттық полициясы тергеуге кірісті. Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?