Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Науқас елдің батысындағы Бретань өңірінің тұрғыны болып шықты. Ол жуырда Орталық Африка елдеріне барып келіпті.

Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Науқаспен байланыста болғандардың бәрі анықталуда.

 Айта кетейік, Clade Ib деп аталатын жаңа штамм алғаш рет жазда Кения аумағында тіркелген болатын. Күзде бұл вирус Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен Германиядан табылды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті