9 августа 2025 г. 11:53
Францияда 17 мың гектар орман өртеніп кетті
Францияның оңтүстігін шарпыған алапат жалын сөндірілді, деп хабарлады 24kz.
Алматы, NEGE. Бұл ел тарихында ең ірі орман өрті ретінде тіркелді. Ну орманның 17 мыңнан астам гектар жері түгел жанып кетті. Өрттің қайта тұтану қаупі бар. Сондықтан апат аймағында жұмыстар әлі жалғасып жатыр.
2 мыңнан астам маман мен 500 техника жұмылдырылған. Билік жағдай тұрақталмайынша тұрғындардың үйлеріне оралуына тыйым салды. Жергілікті тұрғындар әзірге қауіпсіз орындарды паналауда.
Осыдан 3 күн бұрын басталған өрттен 5 адам опат болып, 18 тұрғын ауыр жарақат алды.