Франция шектеу шарасын біртіндеп алады

Еуропада шектеу шараларын жеңілдеткен елдер қатары артып келеді7 Франция 11 мамырдан бастап сол сапқа қосылуды көздеуде.

Алматы, NEGE. Елде бүгінге дейін коронавирустан 24 мың азамат көз жұмды. Енді қалыпты өмір салтын қалыптастыруға қамданып отыр. Қазірдің өзінде тәулігіне 3 мыңға дейін жаңа науқас тіркеліп жатқанын ескерсек ол бірнеше кезеңмен іске асады. Егер жақын күндері қауіптің беті қайтса білім беру және тәрбие ошақтары қайта ашылады. Бірақ бала бақшада бір топта 10 баладан, ал бастауыш сыныптарда 15-тен артық оқушы болмауы тиіс.

Сондай-ақ алдағы уақытта апта сайын 700 мың тұрғын коронавирусқа тест тапсырады. Франция премьер-министрі Эдуард Филипп: "Біз өз тарихымызда бірқатар соғыс пен эпидемияны бастан кештік. Бірақ дәл мұндай жағдаймен бетпе-бет келіп көрген емеспіз. Халқымызға оқшаулану қажет болды. Ені оны әрі қарай созуға болмайды. Себебі оның зардабынан құтылуымыз кейін қиынға соғады" деді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?