Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді

Биылғы 1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Алматы, NEGE. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.