Франция маска тағу режиміне көшеді

Францияда коронавирус қайта өршіді. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Айтуынша, елдің кейбір өңірінде індет қайта тарай бастаған. Сондықтан мемлекет басшысы Франция халқын санитарлық нормаларды орындауға шақырды. Індеттің екінші толқынына елде дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдары жеткілікті екен. Сондай-ақ Макрон 1 тамыздан бастап барлық ғимараттарда бетперде киюді міндеттейтінін хабарлады. Бүгінде мұндай ереже қоғамдық көліктерде міндеттелген. Айта кетейік, Францияда 30 мың науқас коронавирустан көз жұмды. Пандемия кезінде 105 мың тұрғын ауруханаға түсіп, оның 79 мыңы құлан таза айығып шықты.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған