Франция футбол құрамасы Еуропа чемпионатының финал сатысына шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Жанкүйерлер 13 қазаннан 14-не қараған түні В тобындағы Нидерланд пен Франция кездесуін асыға күтті.

Бес тур бойы жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген франциялық футболшылар бұл жолы да ұпай жоғалтпауға тырысты.

Нәтижесінде Килиан Мбаппе 7, 53-минутта дәлдігімен көзге түсті.

Бұл - франциялық жартылай қорғаушының аталған іріктеу сатысындағы төртінші және бесінші голы.
Оған нидерландтық Квилиндсхи Хартман 83-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша франциялық құрама қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдамаға ие болды.

Барлық ойын нәтижеcі:

В тобы: Ирландия - Грекия 0:2, Нидерланд - Франция 1:2
F тобы: Эстония - Әзербайжан 0:2, Австрия - Бельгия 2:3
J тобы: Исландия - Люксембург 1:1, Португалия - Словакия 3:2 , Лихтенштейн - Босния және Герцеговина 0:2

Енді C, G, H топтарында кезекті тур ойындары өтеді.

Еске салсақ, 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі өтеді.

Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр