Франция Бучаға байланысты Ресейге қарсы санкция  салмақ

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаның Киев маңындағы Буча қаласындағы жағдайға байланысты ЕО деңгейінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "Бучада болған жағдай Ресейге қарсы санкциялардың жаңа сериясын енгізуді міндеттейді. Біз еуропалық серіктестерімізбен, атап айтқанда Германиямен осыған байланысты шара қабылдауды жоспарлап отырмыз", – деді Макрон.

Ол бұл бастаманы ЕО деңгейінде де қолдайтынын алға тартты. Бұған дейін Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида Буча қаласындағы жайтқа байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігі туралы айтқан болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл қаладан жарияланған видеоны арандатушылық деп атап, ақпараттың растығын жоққа шығарды. Кисиданың айтуынша, жаңа шектеулер әлем қауымдастығымен бірлесе қабылданбақ. 
 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр