Франция билігі ресейлік мұнайды алмастыру жолын тапты
Франция кемежайлары да санкция салдарынан шығынға батып жатыр.
Алматы, NEGE. Өйткені мұнда көлік пен химикаттар тиелген ресейлік кемелер қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24». Су көліктеріне иелік ететін тұлғаларға қарсы шектеу шаралары енгізілген. Мұның бәрі портта басқа кемелердің қозғалысы үшін қиындық тудырып отыр. Француз билігі 2 ай ішінде бір ғана су көлігіне 50 мың еуро шығындаса керек. Ал бортында болған ресейлік теңізшілер карантинде отыруға мәжбүр. Оларға бұрынғысынша жалақы жүре береді. Алайда Франция аумағында теңізшілердің банк карталарына қызмет көрсетілмейді. Осы француздың Тоталь Энерджиз компаниясы ресейлік мұнайды алмастыру үшін оны Бірікккен Араб Әмірліктерінен қайта сатып ала бастады.