Франция әуежайларында санитарлық бақылау күшейді

Франция билігі коронавирус індеті өршіп тұрған 16 мемлекеттен келетін жолаушылар үшін әуежайдағы медициналық тексерісті күшейтті, хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тізімнің ішінде АҚШ, Оңтүстік Африка, Алжир, Бразилия, Үндістан, Израиль, Мадагаскар, Перу, Сербия мен Түркия бар. Бұл ел азаматтарында соңғы 72 сағат ішінде тапсырған тест нәтижесі болуы керек. Егер медициналық анықтамасы болмаса, жолаушылар ғимарат ішідегі зертханада тексеріледі. Нәтижесі дайын болғанша адам оқшаулануы тиіс. Ақпарат көздері Францияға бір күннің ішінде осы тізімдегі мемлекеттерден 2600 адам келгенін хабарлайды.

Айта кетейік, Франция Үкіметі аймақта санитарлық талаптарды да күшейтті. Енді жергілікті заң бойынша қоғамдық орындарда халық масқа тағуға міндеттеледі.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді