Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды

Франция – Марокко матчынан кейін Монпелье қаласында франциялықтар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. RMC Sport мәліметіне қарағанда, Францияның аталған қаласында қақтығыс салдарынан 14 жасар жасөспірім көз жұмды.

Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық құрама жалауын жұла бастаған. Жүргізуші орнынан кілт қозғалып, 14 жасар ұл баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды.

Мұның алдында жаппай қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар екендігі хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті