Франция халқына вакцина егу басталды

«Pfizer» америкалық фармацевтика компаниясы және «BioNTech» немістің серіктес компаниясы бірлесіп әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозалары сенбі күні Франция мен Нидерландыға жеткізілді.

Алматы, NEGE. Франциялық БАҚ-тардың хабарлауынша, вакциналар Париж қаласына жақын орналасқан Hôpitaux de Paris орталық дәріханасына берілді.

Францияда егу науқаны жексенбі күні басталмақ.

Бұл елде коронавирустан 62 мың адам қайтыс болды. Препаратты алғашқы болып Севран және Дижонда орналасқан екі Қарттар үйінің тұрғындары алады. Сондай-ақ 26 желтоқсан күні коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозалары Нидерландыға жетті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?